Бізді қоршаған әлем таңғалдыратын құбылыстарға толы. Сізге ең қызықты деген 11 фактінің жинағын ұсынамыз.
Сізді таңғалдыратын 11 қызықты факті
Аспанда көшіп бара жатқан бұлттың салмағы миллион тоннаға жуық болуы мүмкін. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
1,036
оқылды

Aikyn.kz ерекше таңғалдыратын фактілер жиынын sciencefocus.com сайтындағы материалға сілтеме жасай отырып ұсынады.

Бүркітімен әлемді таңғалдырған Айшолпан жалғыз қазақ баласы емес. Фото inform.kz сайтынан алынды. Авторлығы: Айшолпанның жеке мұрағаты

Егер достарыңызды, балаларыңызды және отбасыңызды кездейсоқ қызықты фактілермен және керемет жағдайлармен таңғалдырғыңыз келсе, біз сізге көмектесеміз. Төменде сіз біздің әлемге деген көзқарасыңызды өзгертетін биологияны, географияны, ғарышты және тағы басқа тақырыптарды қамтитын 11 қызықты фактімен таныстырамыз. Сонымен, балалардың көңілін көтеруге, әріптестеріңізді таңғалдыруға, түскі, кешкі асқа келген қонақтарыңызды таңғалдыруға дайын болыңыз. 

Күнделікті өмірде сіз ойлана бермейтін, көңіл бөлмеген қызықты кездейсоқ фактілер мыналар.

Қазақ домбырасымен де таңғалдыруға, рекордтар орнатуға болады. Фото obvk.kz сайтынан алынды. Авторлығы: Chursinov Artem

Бірінші.

Аспанда көшіп бара жатқан бұлттың салмағы миллион тоннаға жуық болуы мүмкін. Көлемі шамамен 1 км куб және тығыздығы 1 м кубта шамамен 1,003 келі болады. Мұндай тығыздық айналасындағы ауадан шамамен 0,4 пайызға төмен, сондықтан бұлттар жеңіл көшіп жүреді.

Екінші.

Адам нашар ұйықтаған кезде түстерін жақсы есте сақтайды екен. Зерттеулер көрсеткендей, егер сіз нашар ұйықтап, түнде бірнеше рет оянсаңыз, сіз көрген түстердің мазмұнын есте сақтау ықтималдығы жоғары болады. Оянған кезде түсін есіне түсіре алады.

Үшінші. 

Бір жасушалы егіздердің саусақ іздері бірдей болмайды. Егіздің сыңары жасаған қылмыс үшін екінші бауыры жауап бермейді, оны тез дәлелдеуге болады. Себебі ана құрсағында даму кезінде эмбрионды қоршаған орта факторлары (кіндіктің ұзындығы, жатырдағы орны және саусақтардың өсу жылдамдығы) саусақ ізіне әсер етеді екен.

Сіздің миыңыз үнемі өзін-өзі жейді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады. Фото aif.ru сайтынан алынды

Төртінші.

Сіздің миыңыз үнемі өзін-өзі жейді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, онда жасушалар жүйеден шығару үшін кішірек жасушаларды немесе молекулаларды қоршап, жұтады. Уайымдамаңыз! Фагоцитоз зиянды емес, ол мидың жаңаруына, сақтауға көмектеседі.

Бесінші.

Жануарлар уақытты адамдарға қарағанда басқаша қабылдайды. Кішкентай жануарлар үшін қоршаған әлем адамдарға қарағанда баяу қозғалады. Мысалы, кесірткелер үшін уақыт мысықтар мен иттерге қарағанда баяу жүреді. Уақытты бұлай қабылдау мидың кіретін ақпаратты қаншалықты жылдам өңдей алатынына байланысты екен.

Алтыншы. 

Тауықтың 18 ай бойы бассыз өмір сүргені тіркелген. Майк атты тауықтың керемет ерлігі 1940 жылдары АҚШ-та болған. Ол аман қалды, өйткені оның мойын венасы мен оның ми діңінің көп бөлігі тұтас қалған, бұл оған мидың жеткілікті жұмыс істеуіне мүмкіндік берген. Ал көп жағдайда басы жоқ тауық бірнеше минут ішінде өледі.

Галстук тағу миға қан ағымын 7,5%-ға азайтады, бас айналуды, жүрек айнуын және бас ауруын тудырады. Фото olympics.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Жетінші.

Бұл шенеуніктер үшін маңызды ақпарат. Галстук тағу миға қан ағымын 7,5%-ға азайтады екен. 2018 жылы жүргізілген зерттеу осындай фактіні анықтаған, галстук тағу миға қан ағымын төмендетіп, бас айналуды, жүрек айнуын және бас ауруын тудыруы мүмкін екенін көрсеткен. Сондай-ақ тым қысып тағылған галстук көздің қысымын жоғарылататыны дәлелденген.

Сегізінші.

Жазу үлгісі мен қолтаңбасы арқылы адамның мінезін білуге болады. 2016 жылғы зерттеу көрсеткендей, ерлер арасында үлкен қолтаңба қалдыратындар өзін әлеуметтік тұрғыда батыл көрсеткісі келсе, әйелдер арасында үлкен қолтаңба нарцистік қасиеттері жоғары екенін көрсетеді екен.

Тоғызыншы. 

Сіз байқамай күніне 2,5 миллион шақырым Күнді айналып жүресіз. Жер орбитасы Күннен шамамен 2,5 миллион шақырым және Құс жолы галактикасынан шамамен 19 миллион шқырым қашықтықта орналасқан.

Матчтың алдында күлімсіреген жекпе-жек шеберлерінің жеңілу ықтималдығы жоғары. Фото pikabu.ru сайтынан алынды

Оныншы. 

Матчтың алдында күлімсіреген жекпе-жек шеберлерінің жеңілу ықтималдығы жоғары. Бұл күлімсіреу қорқынышты немесе мойынсұнуды білдіретіндіктен болуы мүмкін.

Он бірінші.

Су астында тыныс алмау рекорды 24,5 минут болған. Әлемдік рекордты хорватиялық Будимир Шобат орнатқан. Ол 2021 жылы 27 наурызда су астында 24 минут 37 секунд бойы тынысын ұстап тұрған. Ал орташа алғанда, адам тыныс алмай 30-90 секунд ғана шыдай алады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.