Жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева басынан өткен ауыр күндерін есіне алды.
Үлгілі отбасы едік: Мереке Қалбаева күйеуінен жасырған құпиясын жайып салды
10,391
оқылды

Өнер иесі көп сома қарызға кіріп кеткен көрінеді. Ол туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп жазады Aikyn.kz.

“100 емес, 200 млн-ға жақын еді қарызым. 100 миллионнан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып шаршап кеттім. Мені қинағаны Арсенге айта алмай жүргенім еді. Ол да білді. Қайырлысы… Үлгілі отбасы едік, әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар”, – деді актриса. 

Әзіл әлемінің жұлдызы, кезінде қарызға батқаны үшін күйеуімен ажырасып, қосылғанын айтты.

“Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ білмеймін. Себебі біз 3,5 млн-ға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған… Қазір не болатынын да елестете алмаймын”, — деп көз жасына ерік берді жайдарманшы. 

Еске салайық, әзілкеш сауда жасаймын деп 20 миллион теңгеге алданғанын жазған едік.