Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай байқалады.
Жаңбыр, қар, 2 градус үсік: 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
фото: youtube.com
8,455
оқылды

"Қазгидромет" РМК 5-7 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады,  жаңбыр жауады, найзағай байқалады: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады;  7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.