Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбе облысының Қопа кентінде оқушының өлімі бойынша тергеуді жеке бақылауға алғанын мәлімдеді.
Үлкендер ұрғызған: Қопада 9-сынып оқушысының өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: stolicaonego.ru
637
оқылды

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбе облысының Қопа кентінде болған оқушының өлімі бойынша тергеуді жеке бақылауға алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ақтөбе облысының Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді мен жеке бақылауға алдым. Бұған өкініштісі тәрбие саласындағы кемшіліктерге байланысты жол берілген, салдарынан үлкен балалар кішкентайларға сабақ береміз деп, бір-біріне ұрғызған", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында оқушылар арасында төбелес болып, салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні Темір ауданы Кеңесту ауылында болған. Қаза тапқан оқушы Қопа орта мектебінде оқыған.

Diapazon.kz мәліметінше, төбелес түнгі уақытта болған. Облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болу  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.