8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күн қалды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тікелей эфирден көрсетіледі
Фото: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
1,010
оқылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирден көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күн қалды.

Ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыстың бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді.

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де  Qazaqstan  және  Qazsport  телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Жарыстардың эфирлік кестесі төменде:

Айта кетейік, халықаралық жарыс 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Ойындар өтетін жерге арнайы автобустар қатынайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.