Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі.
Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Фото: Туризм және спорт министрлігі
915
оқылды

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. 

Бұл спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі! 

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі. 

Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.