Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады
538
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтауын өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

– Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Мемлекет басшысы.