Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды елден кетуге шақырды.
Қазақстан елшілігі отандастарымызға Украина аумағынан кетуді ұсынды
AP Photo / Adam Schreck
3,027
оқылды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды елден кетуге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасымен. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», – деп ескертеді елшілік. 

Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге жіті құлақ асып, дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 10 31.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +38 067 347 04 08.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.