Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасында алтын медаль алды.
Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады
Фото: Туризм және спорт министрлігі
393
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасында алтын медаль алды.

Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.