Білім ошағы балалардың оқуы мен дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, соңғы заманауи стандарттар бойынша жабдықталған.
Қарағандыда «Жайлы мектеп» есігін ашты
732
оқылды

Бүгін Қарағандыда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті. 

Осы айтулы оқиғаға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Жаңа мектеп 2000 оқушыға арналған және 10 мың шаршы метрден асады. Мектепте бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек блоктар қарастырылған, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де жағдай жасалған.

«Сіздердің мына жаңа мектептеріңіз білім, шығармашылық және даму орталығына, сондай-ақ әрбір оқушы өз әлеуетін аша алатын орынға айналатынына сенімдімін. Сіздерге жаңа оқу жылының табысты болуын, сондай-ақ жемісті жұмыс пен тамаша нәтижелер тілеймін. Баршаңызға осы оқу жылы көптеген қуанышты сәттер мен жаңа жетістіктер әкелсін!» – деп атап өтті С.Жақыпова.

Білім ошағы балалардың оқуы мен дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, соңғы заманауи стандарттар бойынша жабдықталған.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.