Ер адам 4 жасар баланың анасы ақша табуға кеткенде, жұбайына күтуші ретінде қалдырған балаға физикалық және моральдық тұрғыда азап шектірген.
Абай облысында 4 жасар баланы өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: istockphoto.com
465
оқылды

Абай облыстық сотында апелляциялық тәртіппен жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттері үшін сотталған ер адамға қатысты қылмыстық іс (ҚК-нің 124-бабы 2-бабы), азаптау (ҚК-нің 1-тармағының 110-бабы 2-бөлігі), кісі өлтіру (ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі) қаралды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталған адам мен оның адвокаты сот үкімімен келіспей,  апелляциялық шағымдарында үкімді өзгертуді және жас баланы өлтірді және балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық жасады деген айыппен ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот анықтағандай, 38 жастағы ер адам өз үйінде, мас күйінде киімсіз, жас балалардың көзінше, 9 жастағы қызына қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.

Ер адам 4 жасар баланың анасы ақша табуға кеткенде, жұбайына күтуші ретінде қалдырған балаға физикалық және моральдық тұрғыда азап шектірген.

"Баланың 4 ай бойы үйде болғаны, ер адамға жағымсыз көзқарас тудырды. Бір күні баланың басын қабырғаға ұрған. Баланың өлімін күткен ер адам оған ешқандай көмек көрсетпеген. Содан кейін баланың денесін сөмкеге салып, оны жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастаған", - делінген хабарламада.

Апелляциялық сот алқасы апелляциялық шағымды қарап, сотталғанның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалармен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және істің басқа материалдарымен толық дәлелденгендіктен, сот үкімін өзгертуге негіз жоқ деп санайды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.