Раушан Қойшыбаева Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Раушан Қойшыбаева Паралимпиада ойындарын аяқтады
Фото: Паралимпиада комитеті
1,241
оқылды

Раушан Қойшыбаева Паралимпиада ойындарын 4-орынмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Раушан Қойшыбаева Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 117 келі нәтижесімен 4-орынға тұрақтады. 

Байрақты бәсекенің алтын медалін бразилиялық Мариана Д’Андреа 148 келіге көтеріп, жеңіп алды. 

Күміс медальді өзбекстандық Рузa Құзиева 147 келі нәтижесімен иеленсе, қола медаль 120 келі көтерген түркиялық Сибель Чамға бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.