Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиада ойындарының жүлдесіне ие болды
Фото: ҰОК
1,222
оқылды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан спортшысы Жұрқамырза Шүкірбеков тоғызыншы медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. 

Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді. 

Айта кетелік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп,  жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын. 

Жұрқамырза Шүкірбеков – Абай университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram   арнасынан таба аласыз.