Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды
4,165
оқылды

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті. 

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.