Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде аймақтың шығысында 2 градус үсік жүреді.
Үсік жүреді: 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,615
оқылды

«Қазгидромет» ертең, 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.    

Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең аймақтың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел еседі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде аймақтың шығысында 2 градус үсік жүреді.

Абай облысының батысы, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында және Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында, Оралда жоғары өрт қаупі сақталады. Ал өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының басым бөлігінде, Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің басым бөлігінде, Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 санат) бар. Түркістан қаласында күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, дауыл болады. Жел солтүстіктен соғады. Күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл болады. 

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Аймақтың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысында түнде және таңертең өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Аймақтың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-шығыс пен шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

8-9 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Осы екі күнде солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді. 8-9 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде, Таразда төтенше өрт қаупі болады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде, Жезқазғанда жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.