Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр.
Маңғыстауда 140-тан астам бала астан уланып қалды
Абзал Қалиев
616
оқылды

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны артты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 141 бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте балалардың жаппай уланғаны, соның салдарынан 1-4-сынып оқушыларының зардап шеккені белгілі болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.