Салтанатты ашылу рәсіміне 20 мың көрермен жиналған.
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды
Фото: Хабар-24
562
оқылды

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Мемлекеттік Ту шығарылып, Әнұран орындалды, – деп хабарлады  Aikyn.kz.     

Салтанатты ашылу рәсіміне 20 мың көрермен жиналған. 

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары қатарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның III президенті Намбарын Энхбаяр бар.

Алдағы екі сағат бойы 3 мың өнерпаз өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар қатысушылар арасында еліміздің түрлі өңірінен мәдениет саласының өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелердің әртістері бар.

Іс-шараны «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.