Қайғылы оқиға Ақтау-Құрық тасжолының 39-шақырымында болған.
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
960
оқылды

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында болған.

Ақтау-Құрық тасжолының 39-шақырымында екі көлік соқтығысып, жанып кеткен. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

– Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.