Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.
Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды
Фото: primeminister.kz
370
оқылды

Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.

1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласы "Наз" мемлекеттік халық театры" МКҚК еңбек етті.

2007-2008 жылдары Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қаласы Мәдениет басқармасын басқарды.

2015-2018 жылдары - Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары - Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдың 29 шілдесінен бастап қазірге дейін ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.