Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 13 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға дайындық барысын талқылады.
Референдумға дайындық барысын талқылады
250
оқылды

Мәулен Әшімбаев әріптестерін Мем­­лекет басшысының тапсыр­ма­ларын іске асыру жолында күш бірік­тіру­ге және 6 қазанда өтетін референдум аясындағы түсіндіру жұмыстарына бел­сенді қатысуға шақырды. Бұған дейін сарапшылар атап өткендей, атом электр стансасын салу елдегі электр энергиясының тапшылығын жоюды көздейді.

«Мемлекет басшысының баста­ма­сы­мен 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қа­тыс­ты жалпыұлттық референдум өте­ді. Осы­ған байланысты құрылған рес­пуб­ликалық қоғамдық штаб еліміз­дің барлық өңірінде үгіт-насихат жұ­мы­сын жүргізеді. Осы маңыз­ды іске Се­нат депутаттары да бел­сен­ді жұмыл­ды­рылады», – деді палата Спикері.

Айта кетейік, алдағы жұма күні бо­латын Сенат отырысында депутаттар «Түр­­кі мемлекеттері ұйымына мүше мем­ле­кеттердің үкіметтері арасындағы оңай­латылған кеден дәлізін құру туралы келі­сімді ратификациялау туралы» заңды қа­райды.

Бұл құжаттың нормалары ұйымға мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүр­гізудің тиімділігін арттыруға және мер­зімдерін қысқартуға бағытталған.