Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бас прокурор Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық табыстады
2,728
оқылды

Бас прокуратурада дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовпен кездесу өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

– Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, кездесу барысында Е. Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.

Бұған дейін Елдос Сметовке Астанадан үш бөлмелі пәтер берілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.