Бала ойнап жүріп, абайсызда өзенге құлап кеткен.
Алматы облысында 4 жастағы бала суға батып кетті
1,034
оқылды

Алматы облысында төрт жастағы бала Қаскелең өзеніне батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні Қарасай ауданындағы Жібек Жолы стансасының маңында болған.

Куәгерлер баланың судың жанында ойнап жүріп, абайсызда өзенге құлап кеткенін айтқан.

– Алты құтқарушы баланы іздеуге кірісіп, сағат 17:45-те баланың мәйіті табылып, судан шығарылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында мәйіт Қарасай ауданының мәйітханасына тасымалдау үшін полиция қызметкерлеріне берілді, - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.