Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты.
Көшпенділер ойындары: Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан алтын медаль алды
315
оқылды

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
 
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. "Алау" мұзайдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.