ЖОО студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі.
2025 жылы студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі
1,187
оқылды

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып, әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының жалпы көлемін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, келесі жылы білім беру саласына 1 трлн теңге бөлінбек. 

– Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі – жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін – 117 098 теңге болады, – деді ол.