Кездесуге қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, өз пікірін бөлісті.
Глубокое кентінде референдумның маңызы талқыланды
224
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб қазір біраз өңірде жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр. Бүгін Глубокое аудандық партия штабының төрағасы Алтай Қалигожин Глубокое кентінің тұрғындарымен және мәдениет үйіндегі әлеуметтік сала өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиын барысында атом электр стансасының құрылысы мен 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңызы талқыланды. Кездесуде штаб мүшелері жобаның негізгі аспектілерін түсіндіріп, әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына ықпал ететін шешім қабылдауға қатысуын құп көретінін айтты.

«АЭС салу, елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін септігін тигізеді», – деді Алтай Қалигожин. 

Кездесуге қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, өз пікірімен бөлісті.