Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылды.
Алматыда биіктен құлаған екі оқушы қыздың мәйіті табылды
Фото: Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы
1,134
оқылды

Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция растады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сұмдық оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Полиция редакцияға оқиғаны растады. Бірақ  қыздар қандай жағдайда және не үшін секіргені әзірге хабарланып отырған жоқ.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.