Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.
Алматы облысында құдықтан 3 адамның денесі табылды
Фото: ren.tv
973
оқылды

Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан 3 адамның өлі денесі табылды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады, – деп хабарлады Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.