Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 55 жасқа толған.
«Бәле-жаладан қорғайды»: Баян Алагөзова күйеуінің туған күніне не сыйлағынан көрсетті
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
9,773
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті туған күнімен құттықтады, - деп жазды Aikyn.kz. 

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 55 жасқа толған. Әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызы күйеуін құттықтап, қандай сыйлық бергенін көрсетті. 

“Мен күйеуіме не сыйласам екен деп көп ойландым. Ойлана келе, мына бұйымға тапсырыс бердім. Өзінің руының белгісі. Гауһартастары бар, алтыннан жасалған зергерлік бұйым. Бұл сені бәле-жаладан қорғайды. Енді саған көз тимейді. Туған күніңмен құттықтаймын, сені жақсы көремін", – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.