Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екібастұздық өрт сөндірушілер 6 адамды өрттен құтқарды
383
оқылды

Екібастұз қаласында өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде 1-қабатта орналасқан пәтердің 25 шаршы метр алаңында өрт болған.

– ТЖД күшімен баспалдақ арқылы құтқару қалпақтарының көмегімен көміртегі тотығымен уланудан 2 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер кіреберісте қатты түтін болғандықтан өрт сөндіру сатысын пайдаланып 4 адамды эвакуациялады, оның 3-і бала, – делінген ведомство ақпаратында.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.