Қарсы тарап әдетте атом электр стансыларынан бас тартып жатқан Германияның тәжірибесін алға тартады. Штаб мүшелері бұл жалғыз һәм дәйекті мысал екенін айтады. Өйткені Германия жаңартылатын энергия көзін пайдалануды 60 пайызға жеткізіп, АЭС-тен бас тартқан.
Қазақстандағы АЭС салу кезіндегі пікірталастың негізгі аспектісі – энергия қауіпсіздігі
278
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС құрылысы туралы Халықтық штабтың мүшелері Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары АЭС құрылысына қолдау білдірді.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Ә.Қайдар атындағы мектептің ұжымы АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында Халықтық штаб мүшелерімен кездесті. 

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов пен Максим Рожин арнайы қатысты. Кездесу барысында атом энергетикасы саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы мен оның болашақтағы рөлі егжей-тегжейлі талқыланды.

Жанарбек Әшімжанов өз сөзінде Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атом энергетикасының маңызын ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, елімізде өндірілетін электр энергиясының басым бөлігі ескірген көмір электр станцияларынан алынады, бұл экологиялық жағынан тиімсіз және болашақта электр тапшылығына әкелуі мүмкін.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесі айтарлықтай ескірді. Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының 66%-ы көмірмен жұмыс істейтін станциялардан алынады. Бұл экологияға кері әсер етеді және болашақта энергия тапшылығына әкелуі мүмкін. Биылғы энергия тапшылығы 2,4 миллиард кВт/сағатты құраса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,3 миллиард кВт/сағатқа жетуі мүмкін. АЭС – осы мәселені шешудің ең тиімді жолы, ол тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі болады», – деді Жанарбек Әшімжанов.

Максим Рожин де АЭС салудың ел экономикасына тигізетін оң әсерін атап өтті. Оның пікірінше, атом электр станциясы тек энергиямен қамтамасыз етудің тиімді жолы ғана емес, сонымен қатар экономиканың түрлі салаларының дамуына серпін беретін маңызды жоба.

«Атом электр станциясын салу ел экономикасы үшін өте маңызды қадам. Бұл тек энергия мәселесін шешіп қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды дамытады. Болашақта АЭС Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтып қана қоймай, жаңартылатын энергия көздерімен қатар елдің энергетикалық балансын реттейді. Осы орайда халықтың бұл жобаны қолдауы біздің болашағымызды айқындайды», – деді Максим Рожин.

Кездесуге қатысқан ұстаздар мен мектеп қызметкерлері де өз пікірлерін білдіріп, атом энергетикасының маңыздылығын түсінгендерін айтты. Олар АЭС салу арқылы елдің энергетикалық болашағының сенімді және тұрақты болатынын атап өтті.

Халықтық штаб өкілдері мұндай кездесулердің басты мақсаты – халықты АЭС жобасы туралы жан-жақты ақпараттандыру және оның маңыздылығын түсіндіру екенін атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырылды.

Республикалық штаб өкілдері Арыс қаласында 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған. 

Осы мақсатта бүгін Арыс қаласына Республикалық штаб мүшелері Арыс аудандық орталық ауруханада ақ халатты абзал жандармен, Арыс қаласының тұрғындарымен, №17 колледж ұжымымен және «Astana Raiway Services» ЖШС-да теміржолшылармен кездесті. 

Кездесулерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрсұлтан Байтілесов, Таңсәуле Серіков, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев бастаған топтың қатарында «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов, «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Қыдырбаев және Арыс қалалық Халықтық штаб өкілдері қатысты.

Штаб өкілдері арыстықтармен кездесуде энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы атап өтті. «Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде», – деп атап өтті Сенат депутаты Әли Әбдіркәрімұлы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне еститін мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде. Дегенмен, әлемдегі білікті ғалымдар мұндай АЭС-тердің қауіпсіздігіне кепілдік беріп отырғанын, сол үшін де өзге елдер жаңа энергия көзінің құрылысын бастап кеткенін айта кету керек. Біз айтып отырған атом электр станциясы қауіпті болса, АҚШ, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Украина сынды көптеген мемлекет ондаған АЭС салмас еді. Біз болашақта энергия тапшылығына тап болмауды, электрді шет елдерден бірнеше есе қымбат бағаға сатып алмауды бүгіннен бастап ойлауымыз қажет, – деді Нұрсұлтан Төленұлы.

Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Энергетикалық қауіпсіздік жайын саралады

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында штаб мүшелері АЭС салудың артықшылығына, бұл реттегі еліміздің экономикалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Әуелі сөз тізгінін тартқан Руслан Қожасбаев Қазақстан болашақта тек АЭС емес, баламалы энергия көздерін пайдалануға бет бұратынын жеткізді. Айтуынша, әлемде жаңартылатын энергия өндіруді 100 пайыз қолға алған мемлекет жоқ екен. Дамыған елдер энергетикалық мүмкіндігін АЭС-тен көріп отыр. Ал, Қазақстанда жаңартылатын энергияны игеруде өз технологиялық ерекшеліктері бар: олар күннің циклділігі, желдің жиілігі сында жағдайлар. Жыл мезгілдерінің де жағдайы ескерілуі керек. Көп жағдайда бұл жолмен энергия өндіру желдің соғуы мен күннің шығуы және батуына тікелей байланысты.

- Қазақстандағы АЭС салу кезіндегі пікірталастың негізгі аспектісі – энергия қауіпсіздігі. Қарсы тарап әдетте атом электр стансыларынан бас тартып жатқан Германияның тәжірибесін алға тартады. Бұл жалғыз һәм дәйекті мысал. Бұл елде жаңартылатын энергия көзін пайдалануды 60 пайызға жеткізді де, АЭС-тен бас тартты. Дейтұрғанмен, көмір жағуды назардан шығарған жоқ. Мәселен, қыс мезгілінде энергия тұтыну көлемі артқан кезде көмір жағатын стансыларын консервациялайды. Сонымен қатар, қазір Германия тапшылық туындағанда көрші елдерден энергия импорттайды. Франция мен Даниядан айтарлықтай көлемде электр энергиясын сатып алады. Жалпы Германия Еуропаның орталығында орналасқан және еуропалық нарықты қалыптастырушы. Осындай жағдайдан соң қажетін сатып ала алады. Ал, Қазақстанның көршілермен ортақ нарығы жоқ. Германия секілді қажетін сатып ала алмайды. Мынаны ұмытпауымыз керек, бізде алдын ала келіссөздерсіз сатып алу жүзеге аспайды. Аса үлкен көлемде қажеттілік туындағанда жарықсыз қалу ықтималдығы жоғары, – деді Руслан Қожасбаев. 

Ал Болат Керімбек өз кезегінде көпті алаңдатқан АЭС-ті салатын мердігерлер турасында сөз қозғады.

- Қазіргі таңда 4 мердігер компания бойынша таңдау жүргізіліп жатыр. Олар: қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF. Жалпы, АЭС – өте күрделі технологиялық нысан. Оны халықаралық алдыңғы қатарлы технологиясы бар компаниямен бірлесіп салу маңызды. Рас, Ресейге салынған санкциялар бұл жоғары технологиялардың тапшылығын туындатып отырғанын мойындаймыз. Бірақ, елімізде АЭС салуға қатысты референдум өткен жоқ, АЭС-ті кім салатыны нақтыланған жоқ. Мемлекет басшысы айтқандай, демократиялық үдеріс көшіндегі елімізде маңызды жоба халық таңдауынан соң жүзеге асады. Ал, АЭС-ті салатын болсақ, халықаралық сарапшылардың, еліміздегі сала мамандарының пікірі ескеріледі. Оның үстіне әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мүдделі МАГАТЭ де қарап қалмасы анық, – деді Болат Керімбек.

Жиын соңында спикерлер келелі келешектің іргесі 6 қазанда қаланатынын, сол үшін саяси науқанда қалыс қалмауға шақырды.

Халықтық штаб "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұжымымен АЭС құрылысын талқылады

Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі облыстық халықтық штабтың үгіт-насихат жұмыстары "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС жалғасты. Штаб мүшелері АЭС-ның мән-маңызын, экологияға әсерін және қауіпсіздік мәселелерін түсіндірді.

АЭС тек энергетикалық сұранысты қанағаттандырып қоймай, экономикаға жан бітіріп, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге себеп болатыны анық.

Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр қуатын тұтыну 152,4 миллиард киловатт-сағатқа жетеді. Ал жұмыс істеп тұрған станциялар бар болғаны 135 миллиард киловатт-сағат өндіре алады. Қазіргі таңда мемлекет электр қуатының тапшылығын шешу үшін Ресейдің көмегіне мұқтаж. Бұл өз кезегінде артық шығын және елдегі энергетикалық нарық қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеп соғады. Осы орайда штаб мүшелері АЭС энергетикалық тәуелдіктен құтқаратын маңызды жоба екенін тілге тиек етті.

Жиын барысында компания ұжымы атом электр станциясын алмастыратын баламалы энергия көздерін дамытуды, радиоактивті қалдықтардың халыққа, қоршаған ортаға зиянын, Чернобыль мен Фукусимадағы апаттар, мамандардың біліктілігі, сонымен қатар өңірдегі экологиялық проблемалар жайлы сөз қозғап, сұрақтарын қойды.

- Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуда алға жылжу байқалады. Дегенмен бұл ауа райы жағдайына тәуелді әрі тұрақты энергиямен толық қамтамасыз ете алмайды. Ал атом электр станциясы құрылысынан қорқудың қажеті жоқ. Себебі АЭС әлемдегі ең қауіпсіз әрі сенімді қондырғылардың бірі. Ал апаттардың ықтималдығын азайту үшін МАГАТЭ мүше мемлекеттерге атом электр станцияларының қауіпсіздігін жақсарту үшін халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қолдануға көмектеседі, – деді Халықтық штабтың мүшесі Орынбасар Тоғжанов.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметтері бойынша, қазір әлемде 415 ядролық энергетикалық реакторлар жұмыс істейді, тағы 62-сі салынып жатыр. Атом электр станцияларының ең көбі АҚШ-та (94), Францияда (56), Қытайда (56), Жапонияда (12), Ресейде (36) және Оңтүстік Кореяда (26) орналасқан. Осы ретте штаб мүшелері Қазақстанның әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымдарына сүйене отырып, әйгілі француздық Assystem инжинирингтік компаниясы бекіткен технологияларды бағалаудың өзіндік жүйесін әзірледі. 13 жоба зерттелді, III және III+ буынының 5 реакторы таңдалып отырғанын айтты.