Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді.
Шымбергенов, Оралбай және Қоңқабаев халықаралық турнирге қатыспайды
Фото: ҰОК
236
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының кейбір мүшелері Шымкенттегі халықаралық турнирге қатыспайды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.   

Атап айтар болсақ, Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) Қарақозы Әбдәлиевті  еске алуға  арналған турнирден сырт қалады. 

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді. 

Айта кетелік, үш спортшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.