Жақын досы үшінші баласын бергісі келгенін, алайда бұл ұсыныстан бас тартқанын жеткізді.
«Не баланы, не досыңды таңда»: белгілі блогер басынан өткен оқиға туралы айтты
Фото: nstagram.com/eldos_kalabok/
322
оқылды

Блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов “Taboo” бағдарламасында отбасы туралы айтты, - деп жазды Aikyn.kz.  

Ол сегіз жылдан бері балалы болуды армандап жүргенін айтады. Жақын досы үшінші баласын бергісі келгенін, алайда бұл ұсыныстан бас тартқанын жеткізді.

«Досым «Үшінші баламызды сендерге берсек» деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған "Не баланы, не досыңды таңда" деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды», – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.