Келесі турда жарыстың екінші нөмірлі командасы Грузиямен (2462, № 2) күш сынасамыз.
Қазақстан құрамасы Мажарстандағы шахмат Олимпиадасында көш бастады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
778
оқылды

Мажарстан астанасы Будапештте шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, алтыншы турда жерлестеріміз Әзербайжан құрамасымен кездесті.

Әйелдер сайысында қыздарымыз 9-турда турнир ТОП-3-те тұрған Польшадан (2422, № 3) 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Алуа Нұрман төртінші рет қатарынан қарсыласынан басым түсті. Бұл жеңістің ерекшелігі  – Польша өкілі Алисия Сливицка бұған дейінгі турларда мүлдем ұтылмаған еді. Ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрман тең түсіп, қорытынды есептегі жеңісті сақтап қалды.

Әйелдер сайысындағы LIVE кесте (169 ел):

1️⃣🇰🇿Қазақстан - 16 ұпай

2️⃣🇮🇳Үндістан - 15 ұпай

3️⃣🇨🇳Қытай - 14 ұпай

4️⃣🇦🇲Армения - 14 ұпай

5️⃣🇵🇱Польша - 14 ұпай

Келесі турда жарыстың екінші нөмірлі командасы Грузиямен (2462, № 2) күш сынасамыз.

Ал ерлер бәсекесінде жігіттеріміз Моңғолия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов жеңіске жетсе, Денис Махнев ұпай бөлісті. Әзірше Қазақстанның ерлер құрамасы 28-сатыда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.