Рудныйда үш жасар бала 10 магнитті жұтып қойып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Қостанайда магнит жұтып қойған бала көз жұмды, қылмыстық іс қозғалып жатыр
475
оқылды

Бір айдан кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов Facebook-парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адвокаттың айтуынша, полицейлерде соталды тергеуді бастауға барлық негіз бар.

"Қостанай қаласының солтүстік полиция бөлімі 10 магнитті жұтып қойып, қайтыс болған кішкентай Сашаны қабылдаған дәрігерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық істі тіркеді. Енді тергеу сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер тарапына жүргізіледі. Кінәлілер баланың өлімі үшін жазалануы керек", – деп жазды заңгер.

Дамир Хамитовтың мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті өлім дерегі бойынша тексеру жүргізген және медициналық көмек кезінде "баладағы өңештің бөгде денесі", "сепсис", "перитонит" диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамалары бұзылғанын анықтаған.