Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
902
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін де еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауып, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. 

Батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.