Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын ұлттық мейрам күнімен құттықтады.
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
113
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын ұлттық мейрам күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда.

Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері, премьер-министрінің жауапты қызметтеріне табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.