Ғалымдардың мәлімдеуінше жәдігерлер Шыңғыс ханнан тараған ұлыстың тарихы мен Қазақ хандығының құрылу кезеңі туралы тың дерекке жол ашады.
Еуропа архивтерінен қазақ хандығына қатысты жәдігерлер табылды
2,801
оқылды

Ұлыбритания, Франция мен Швейцария архивінен Қазақ хандығының қалыптасу тарихына қатысты жәдігерлер табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы экспедицияның нәтижесі туралы бүгін Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Ғалымдардың мәлімдеуінше жәдігерлер Шыңғыс ханнан тараған ұлыстың тарихы мен Қазақ хандығының құрылу кезеңі туралы тың дерекке жол ашады. Еуропа елдерінің мұрағаттарында ескі карта, қол-жазбалар, Алтын Орда монеталары және ғылыми қолданысқа, алғаш рет енгізілгелі отырған дүниелер бар. Шығыстанушылар, күншығыс елінің мұрағаты да маңызды дейді. Себебі түркология ғылымы, Жапонияда жақсы дамыған.

– Біз қазір осы артефактердің көшірмелерін алу жөнінде сөйлесіп жатырмыз. Мысалы, ханның киіз үйіне ілінетін барқыттан жасалған әдемі түскілем бар. Ал мынау жасыл түсті атлас түскілем жауынгерлердің киіз үйінде тұрады. Мұны мен әскери боз үй деймін. Бұл жерде Қазақ хандығының қауіпсіздігіне байланысты мәселелер талқыланып отырған, – деп түсіндірді Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры Меруерт Әбусейітова. 

– Түркология ғылымы жақсы дамыған, өркендеген елдің бірі - Жапония. Біз енді алдағы жылдарда осы Жапониядағы түркология, түркологиялық деректер, осы Қазақ хандығының тарихына, одан бері қазіргі Орта Азияға қатысты да зерттеулерді алып келу бағытында арнайы ғылыми жоба қарастырып отырмыз, – деді Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы.