Қазір декреттік демалыста отырған әнші кейбір сұрақтарды оқығанда ыңғайсызданып қалатынын айтты.
«Күйеуіме деген қызығушылық қайдан пайда болған?»: Мақпал Исабекова оқырмандарына ренішін білдірді
Фото: instagram.com/ makosyai
1,828
оқылды

Әнші Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты көп сұрақ қоятын оқырмандарына ренішін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.   

"Сұрақтардың 80 пайызы күйеуіңнің ұлты қандай, мұсылман ба, жоқ па, күйеуің қайда жүр, неге жаныңда емес, ол кім боп жұмыс істейді, неге күйеуіңізді көрсетпейсіз, ажырасып кеткен жоқсыз ба, сізді тастап кетпеді ме, баланы өзіңіз босандыңыз ба, әлде кесарь ма, ЭКО-мен тудың ба, әлде өзің бе деген тақырыпта. Сонда мен өзім дым қызық емеспін бе?", – деп ренжіді. 

Қазір декреттік демалыста отырған әнші кейбір сұрақтарды оқығанда ыңғайсызданып қалатынын айтты.

“Менің күйеуіме деген осыншама қызығушылық қайдан пайда болған? Оны біліп не істейсіңдер? Ана сұрақтарды көріп, өзім ыңғайсызданамын. Тегі жай өмірде өйтіп сұрамайтын шығарсыздар, адамның бетіне былш еткізіп", – дейді өнер иесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.