Баян Алагөзова көлігінің нөмірін фотоға түсіріп алған адамға іздеу салды

Бейтаныс жігіт продюсердің машинасының нөмірін түсіріп алған.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ізін аңдып жүрген адамды көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейтаныс жігіт продюсердің машинасының нөмірін түсіріп алған. 

“Анау менің тұрақта тұрған машинам. Офистің алдында тұр. Әрі қарай не болғанын қараңыз. Талантсыз тыңшы ма, автоблогер ме? Машинаның нөмірі не үшін керек?”, – деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызының күйеуі, меценат Тұрсын Алагөзов 55 жасын дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз.