Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Бірнеше аймақта ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді
413
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз салқын ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 аязға дейін төмендейді.