Сазгер бүгінде Шымкент қаласынан Алматыға қоныс аударған.
«Сазгерлерді менсінбей ме, білмеймін...»: «Отыздан асып барамын», «Көнеміз ғой» әндерінің авторы әншілерге ренішін білдірді
Фото: Бағдарламадан алынған скрин
461
оқылды

"Отыздан асып барамын" әнінің авторы Садық Қынат «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қонақ болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Сазгер бүгінде Шымкент қаласынан Алматыға қоныс аударған.

“Хит ән жазған авторлардың бәрі екіқабатты коттеджде тұрады деп ойлайтын шығар. Алматының бір шетінде 12 шаршы метрлік кішкентай ғана үйде тұрып жатырмыз. Қазіргі заманда хит ән жазған авторлар емес, соны айтып жатқан орындаушылар екіқабатты коттеджерде тұруы мүмкін. Ал біздің жағдайымыз осы. "Отыздан асып барамын" әнін орындамаған әнші жоқ. Бірақ мен біреуден гонорар немесе сыйақы алып көрген емеспін. Әншілер сазгерлерді менсінбей ме әлде "шыққан ән ғой" деп айта бере ме, білмеймін. Ешқайсысы қолды да алмайды", – дейді Садық Қынат. 

Сазгер "Отыздан асып барамын" әнін қалай жазғанын айтып берді. Айта кетейік, Садық Қынат мұнымен қоса зағип балалардан құралған "Сәт" триосы орындаған "Көнеміз ғой" әнінің де авторы. 

Автордың айтуынша, «Отыздан асып барамын» әні 1993 жылы шыққан. Өзі ол кезде 40 жаста болған.

“Мұқағали Мақатаевтың  Отыздан асып барамын" деген өлеңін жатқа білетінмін. Содан туған күнде "Қырықтан асып барамын" деп айтамын ғой деп, ән таппай жүргенмін. Ол кезде Төрткөлде тұрамын. Сол Төрткөлге кетіп бара жатып, осы ән келді. Ол кезде телефон жоқ, солай отырыстарда айтып жүрдім. Содан Айқожа деген әнші бала келіп, "осы әніңізді ұнатып қалдым" деп сұрады. Содан тарап кетті", – деді сазгер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.