Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz
274
оқылды

Марат Шәдетханұлы Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Марат Қожаев 1964 жылы 23 ақпанда туған. Білімі жоғары, 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын тәмамдаған.

Мансабы:

  • 1984 жылдан – Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері;
  • 1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;
  • 2004 жылдан 2009 жылға дейін – Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары
  • 2012 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;
  • 2014 жылдың қыркүйегінен – Павлодар облысы ІІД бастығы;
  • 2017 жылғы желтоқсаннан бастап – Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы;
  • 2019 жылғы 6 сәуірден бастап – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды.

Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығы бірнеше рет көтермелеген, 2-ші дәрежелі «Айбын» (2013) орденімен және 7 медальмен марапатталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.