Саяхат алдында офлайн картаны жүктеңіз, сонда сіз бейтаныс жерде интернетсіз қалудан қорықпайсыз. Үздік карталар: Maps.me Google Maps, Organic Maps, Яндекс-карталар.
Саяхаттағанда нені ескеруіміз қажет?
463
оқылды

Ең пайдалы тревел-кеңестерді оқырмандарға ұсынамыз:

📌 Ұшаққа шай немесе кофе термосын алыңыз. Бортсеріктен сіз термосты қайнаған сумен толтырып, сүйікті сусыннан ләззат алуыңызды сұрай аласыз.

📌 Егер сіз 2-3 сағаттан артық ұшатын болсаңыз, қысқы шұлық киіңіз.

📌 Ұшу уақыты мен күндерін бірнеше рет қайта тексеріңіз. Есіңізде болсын, егер сізде рейс, мысалы, 18 сәуірде сағат 00.45-те болса, әуежайға 17 сәуірде келуіңіз  керек.

📌 Саяхат алдында офлайн картаны жүктеңіз, сонда сіз бейтаныс жерде интернетсіз қалудан қорықпайсыз. Үздік карталар: Maps.me Google Maps, Organic Maps, Яндекс-карталар.

📌 Көптеген қонақүй балаларды тегін қондырады. Балалармен саяхаттауды жоспарласаңыз, осы жерін нақтылаңыз. 

📌 заттарды үтіктемеу үшін оларды ваннаға іліп қойыңыз.

📌 Wi-fi finder бағдарламасын орнатыңыз. Ол ашық тұрған интернетке қосылу нүктесін іздеуге көмектеседі, сондай-ақ жабық кілтсөздерді біледі.

📌 Барлық құжатты маңызды жерге жүктеңіз. Егер түпнұсқа жоғалса, көшірмесін кез келген жерде басып шығаруға болады.

📌 Егер сіз автокөлікті / мотоциклді жалға алғыңыз келсе, онда барлық сызылған жерін көлік иесінің көзінше видеоға түсіріңіз.