Ақтауда полицейлер 11 адамды ұстады.
Ақтауда жаппай тәртіп бұзушылар ұсталды
1,820
оқылды

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Lada басылымы жазғандай, ведомствоның баспасөз қызметі полицияның Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің маңында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісін тоқтатқанын мәлімдеді.

«11 құқық бұзушы ұсталып, олардың біреуі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қосымша жауапкершілікке тартылды», - деп жазады басылым.

Сондай-ақ, полицейлер билік өкілдерінің заңды талаптарына өрескел бағынбағаны үшін құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылатынын айтты.

«Барлық кінәлілер қатаң жауапқа тартылады», - деп қорытындылады департамент.