Некесі сәтсіз аяқталған ол қызбен кездесіп жүргенін жасырмады.
"Мәһрге құны 150 миллион теңге болатын Gelandewagen сұрады": Жахан Отарғалиев жеке өмірі туралы айтты
Фото: YouTube
1,101
оқылды

Танымал актер Жахан Отарғалиев желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, жеке өмірінде болып жатқан жаңалықтарды айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Некесі сәтсіз аяқталған ол қызбен кездесіп жүргенін жасырмады. Өнер иесі бір арумен көріскенде болған қызық жағдаймен бөлісті.

"Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында "Мәһрге не сұрайсың?" дегенмін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 миллион теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар", – деп сұрады актер.

Жахан Отарғалиев көпшілік көмегіне жүгініп, бойжеткенге қымбат көлікті әперген қаншалықты дұрыс екенін сұрады. Оған қоса өнер иесі үйлену жайлы ойланатынын да айтып қалды.

"Үйлену туралы ойланасың ба? Әрине, ойланамын. Көбінесе түскі ас ішкен кезде ойланамын", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.