Қазір еліміз бойынша жаңа пәтердің бір шаршы метрі 494 мың теңге.
Елімізде ең қымбат пәтер қай қалада?
Фото: istockphoto.com
960
оқылды

Елімізде баспана бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Қазір еліміз бойынша жаңа пәтердің бір шаршы метрі 494 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп. Баға Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 7-8 пайызға көтерілген. 

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, ең қымбат пәтер қазір Астана және Алматыда. Мұнда жаңа үйдің шаршы метрі 570-592 мың теңгеден. 

Сондай-ақ, екінші деңгейлі нарықтағы баспана бір жылда 5 пайызға қымбаттады. Ал жалдамалы пәтер құны 8,4 пайызға көтерілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.