Елдің басым бөлігінде жел күшейеді.
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 11 қазанға арналған ауа райы болжамы
727
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 11 қазанда Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығыс жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облысың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 17-22 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.