«Түпсана және жасыл нәс­ки» фильмі арқылы та­ны­малдығы артқан Ғай­ни Кукатова осы ки­но­ның арқасында қа­зір сұраныстағы актриса­лар­дың біріне айналды.
Ғайни Кукатова, театр және кино актрисасы: Өмірімді өнерсіз елестете алмаймын
928
оқылды

Қа­зіргі қазақ әйелінің бейне­сі, қарапайым, бояусыз тұр­мысы бейнеленген фи­льм санаулы күндерде отандық киноиндустрияда көп касса жинаған кино болды. Осы фильмде қара­пайым қазақ әйелінің өмірін үл­кен шеберлікпен алып шық­қан Ғайни Кукатовмен жақынырақ танысып, сұхбат алудың сәті түсті. 

– Танымал актрисасыз. Театр­да да, кино әлемінде де жүресіз. Уақытыңызды қалай үйлестіріп жүрсіз?

– Шыны керек, жалғыз өзім отырып сұрақтарға жауап беру – мен үшін алғашқы тәжірибе. Бұған дейін бірнеше телевизиялық сұхбаттарға барып, әріптес­теріммен бірге қатысатынмын. Сондықтан жеке өзімнен сұхбат алуға уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс айтамын. 

Осы жерде бір шындықты ай­тайын, біз қазір Атырау мен Алма­тының ортасында жүрген отбасы­мыз. Өзімнің туып-өскен жерім – Атырау. Жолдасым да атырау­лық. Дәл қазіргі сәтте екі қаланың ортасында жүруіме өнерім себеп болып отыр. Қазір Алматыға әбден орналасып алдық десек те болады. Атырауға жұмыс бабым­мен, кейде отбасылық шаралар үшін келіп тұрамын. Себебі қайын жұртымның барлығы Атырауда тұрады. Әрине, өнерді отбасылық өмірмен қатар алып жүрудің өзін­дік жауапкер­шілігі бар. Мейлі театр, мейлі кино болсын, кез кел­ген картинадағы роль арнайы дайындықты қажет етеді. Дайын­дық уақытты, көңіл бөлуді талап етеді.

Дегенмен мен үшін ең бас­тысы – ол баланс. Егер жұмы­сыма қатты көңіл бөліп кетсем, өзімді «жеп қоямын». «Балама уақыт бөл­­ме­дім», «жол­да­сыма уа­қыт бөлмедім», «Ғайни, сен қан­дай анасың?» деп өзімді сөге бас­тай­мын. Үйде оты­рып қалсам, «еш­нәрсеге қол жет­кіз­бедім» деген ойлар мазалай бас­тайды. Мұндай ішкі күйдің құбылуы шығар­ма­шылық адамға тән де болар деп ойлаймын. Сон­дық­тан қандай жағдайда да өзімді, ішкі әлемімді баланста ұстауға тыры­самын. 

– Өнер әлеміне қалай келдіңіз?

– Актриса боламын деп мақ­сат қойдым, кешенді жоспар арқылы осы күнге жеттім десем, томпақтау болып кететін сияқты. Актриса болу – мен үшін маман­дық емес, жанымның қалауы деп айта ала­мын. Себебі бала күнім­нен өнерге жақын болып өстім. Кино қарап отырып, кей әртіс­тердің сөздерін, қылықтарын айна алдына барып, қайталай­тынмын.

Өз-өзімді айна алдында сы­нап жүріп, үлкен өнер әлеміне қалай келіп қалғанымды байқа­май да қал­ған сияқтымын. Осы­лайша, кіш­кентай кезімнен өзім­ді актриса­лықтан басқа салада көре алмадым.

Шыны керек, ата-анам менің полиция саласында еңбек етке­нім­ді қалады. Тіпті, оқуға түсіруге тыры­сып, үгіттеді де. Бірақ мен өзімді қатал тәртіп саласынан көре алмай­тынымды түсіндім. Өнер саласына келгеніме еш өкін­беймін. 

–  Кино әлеміне қадам басқа­ныңа біраз уақыт болды. Бірақ шыны керек, өзіңді «Түпсана және жасыл нәски» фильмі жаңа бір белес­ке көтеріп тастады десек бо­ла­ды. Осы киноға шақырту қалай түс­ті, қандай қызықты сәттер бол­ды?

– Бұған дейін «Тоғжан», «Бір тоқсан» киноларына түстім. Күні кеше «Асау» фильмі жарық көрді. Мен үшін өзім түскен әр фильмі­м­нің рөлі бар. Дегенмен «Түпсана немесе жасыл нәски» киносының мен үшін маңызы ерекше.

Мәселен, «Тоғжан» фильмі – демалысқа шығар алдында, ана болуға аяқ басқан кезімде жасал­ған түсірілім. «Тоғжаннан» кейін театр­дан да, кинодағы жоба­лардан да бас тартып, ұзақ дема­лысқа шығып кеттім.

Ал «Түпсана және жасыл нәс­ки» фильмі – менің саналы түрде өнерге қайта оралуыма себепші болған жоба. Ана атанып, сәбиім алты айдан асқаннан кейін, өзімді қамшылап, қайтадан жұмысқа шығып, жаңа дүниелер жасауым керек деп ойлана бастадым. Әріп­тестерімнің театрда жаңа спек­такль­дер ойнап, жобалар жүргізіп, киноға түсіп жатқандарын көріп, өзімді ояттым. Сөйтіп, өз­геріс жа­сау мақсатында шашымды қиып тастадым.

Имиджімнің өзгеруі өнер әле­мін­дегі өміріме үлкен өзгерістер алып келді. Киноға шақырту ал­дым. Режиссер мені екі рөлге бай­қап көргісі келді. Бірі – «Түп­сана немесе жасыл нәски» фи­льміндегі басты рольдегі от­басы­­лық жұптың оқушы қызы­ның рөлі немесе сол Айнаштың рөлі. Бірақ оқушы қызға түрім келмеді. Ай­наштың рөлін алу да оңай бол­мады. Үш кезеңнен тұратын кас­тингтен кейін Айнаш­тың рөлін мен алдым.

Мен үшін ең қызықтысы, кино түсірілімі болып жатқан кезде жол­да­сымның баланы түсі­рілім алаңы­на алып келіп жүруі болды. Режис­серден сәл үзіліске рұқсат алып, бөпемді емізіп оты­ра­тынмын. Кино қиындықсыз бір деммен түсіріліп шықты. Себебі ол жердегі актерлік құрам, жалпы шығарма­шылық топтың барлығы кәсіби мамандар бола­тын. Мен үшін бұл фильм үлкен тәжірибе болды. 

– Осы фильмнің көп касса жи­науының құпиясы неде деп ойлай­сың?

–  «Түпсана және жасыл нәс­ки» бір қарағанда комедия болып көрінгенімен, онда қазіргі өмірдің ащы шындығы жатыр деп ойлай­мын. Интернетке байлан­ған өмір, ақыл үйрететін психо­лог­тер, тре­нингтер, отбасындағы абю­зерлік, ішкілікке жақындық, феминизм – бәрі-бәрі бір фильм­ге топтас­тырылған. Және мықты сценарий, шебер актерлар, ре­жис­серлік мық­ты жұмыспен толыққанда осындай сапалы кар­тинаның шығуы да заңды еді. Қалай десек те, өмірден алынған дүниелер халыққа өтімді деп ой­лаймын. 

– Феминизм деп айтып қалды­ңыз, экраннан көрген Айнаш мен шынайы өмірдегі Ғайнидің ара­сында байланыс, ұқсастық бар ма?

– Шыны керек, Айнаш мен үшін мүлде қарама-қарсы кейіп­кер болды. Сондықтан Айнаш­тың образын көрерменге толық беру еңбекпен келді деп айта аламын. Ұқсастығымыз – бірбет­кей­лігіміз­де. Себебі мен де, Ай­наш та кез келген дүниені тіке айта аламыз. 

– Алда қандай жоспарларыңыз бар? Осымен сұхбатымызды қо­ры­тын­дыласақ.

– Дәл қазіргі уақытта Атырау­дағы жастар театры жаңа спек­такль­ді дайындап жатыр. Театры­мыз жа­қында ғана өз алдына дер­бес ғимаратты иеленді. Осын­дай жаңа­лық­тар нәтижесінде теа­тр­да үлкен өзгерістер болып жа­тыр. Өзім кино әлеміне театр ар­қы­лы келгендіктен, театр әле­мін­дегі кез келген жаңа­лық мен үшін өте маңызды. Театр­дан қол үз­бей, спектакльдерде ойнап жү­руі­мнің де себебі – осы. 

Қазіргі уақытта ресейлік жо­ба­­лардан ұсыныстар түсіп жатыр. Мен үшін ең бастысы – тәжірибе. Егер табиғатыма, өмірлік ұста­ным­дарына қайшы келмейтін рөлдер болса, ел ішіндегі, халық­аралық жо­ба­ларда да өзімді сы­науға да­йын­­мын. Мен үшін әр жоба – үл­кен мек­теп, тәжірибе. Сондықтан өзім­ді дамытудан тоқтамаймын. 

Әңгімелескен 

Баян ЖАНҰЗАҚ