Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Астанада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com
500
оқылды

19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаның барлық қатысушыcы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады», – деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаменті.

Аталған іс Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.