АҚШ-та адвокат 50 адамға коронавирус жұқтырды
АҚШ-та адвокат 50 адамға коронавирус жұқтырды
© Reuters
354
оқылды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында адвокат 50 адамға коронавирус жұқтырды. Бұл туралы CNN хабарлады. Нью-Йоркте жұмыс істейтін 50 жастағы ер адам қалаға алғашқы болып коронавирус таратқаны белгілі болды. Оның коронавирустан бөлек өзінің тыныс алу ауруы болған. Адвокат өзі коронавирус жұқтырғаннан кейін екі күн өткен соң оның ұлы, әйелі, қызы, сондай-ақ оның көршісінен вирус расталды. Бір күннен кейін, 5 наурызда, науқаспен байланысқан басқа сегіз адамнан вирус табылды. 7 наурызда коронавирус адвокаттың үйінің маңында тұратын 23 адамнан расталды, 8 наурызда 12 жағдай тіркелді. 10 наурызда Нью-Йоркте барлығы 108 жағдай анықталды.